• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Желтоқсан, 2017

Egemen-Cup: Финалға "Хабар" мен "Елорда Ақпарат" командалары шықты

219 рет
көрсетілді

"Егемен Қазақстан" газетінің 98 жылдығына жəне Тəуелсіздіктің 26 жылдығына орай елордадағы "Астана Арена" спорт кешенінде БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан "Egemen-Cup" турнирінде финалға шыққан командалар анықталды. 

Финалға "Хабар" мен "Елорда Ақпарат" командалары шықты. "Егемен Қазақстан" мен "Қазмедиа" командалары үшінші орын үшін ойнайды. 

Естеріңізге сала кетсек, жарысқа 18 команда қатысты. Ал жартылай финалға "Егемен Қазақстан", "Қазмедиа", "Елорда Ақпарат" пен "Хабар" командалары өткен болатын.