• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Желтоқсан, 2017

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

152 рет
көрсетілді

19 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болуы ықтимал. Кей жерлерде тұман, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі күтіледі.

Алматы облысы Алакөл өзені аумағында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.