Биыл жаңажылдық бас шыршаны Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев жақты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Алда келе жатқан мерекенің ең негізгі атрибутының бірі "ЭКСПО" көрмесінің аумағында Нұр Әлем сферасының маңайына орнатылды.
"Биыл Астанада орнатылған жаңа жылдық шыршаны 200 мың жарқыраған гирляндия мен 6000 шар және де әртүрлі жанып-сөніп тұратын әшекейлермен сәнделді. Шыршаның ұзындығы 25 метрді құрайды" - дейді Астана қаласының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.
Астана қаласының тұрғыны мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, ал балаларға арнап сүйікті кейіпкерлерінің бейнесінде аниматорлар шықты. Шыршаны тұтандыру рәсіміне келушілер мерекелік фейерверкке куә болды.
"Осындай кезекті рет астананың бас шыршасын жағатын әдемі символикалық іс-шарасын бәрі жақсы көреді, баршамыз осы мерекені үлкен қуанышпен күтеміз. Мұнда келген балалардың да, үлкендердің де, қонақтардың да көңіл-күйі керемет", - дейді Н.Мұхамбеталина.
Бас шыршаны жағумен қатар ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында орналасқан ірі мұз қалашықтың да ашылуы болып өтті.
Мұнда ересектер үшін биіктігі 5 метр және ұзындығы 40 метр сырғанақ пен балалар үшін екі сырғанақ бой көтерді, балалар сырғанағы сәйкесінше - 2,5 және 14 метр. Ал қалашықтың тақырыбы "ЭКСПО-2017" Болашақтың энергиясы" деп аталды, сондықтан Лондонның Гайд-паркінде 1851 жылы ашылған бірінші ЭКСПО көрмесі мен 1889 жылғы көрмедегі кіре беріс қақпа - Эйфель мұнарасының мұз көшірмесі қойылды.
Балаларды әсіресе биіктігі 6 метр атақты Дисней Лэнд сарайының көшірмесі қызықтырды. Миньона, танымал комик қаһармандары, Макуин найзағайы, үш метр Аяз ата мен Қарша қыздың мұз бейнесі композициялардың сәнін аша түсті. Бұлардың бәрі де түрлі-түсті мұздан жасалды.
Сонымен қатар, қонақтар үшін мұз қалашықта биіктігі жарты метрге жуық 80 метрлік лабиринт ашылды. Қалашық барлық периметрі бойынша футуристік стилдегі архитектуралық формада орнатылды.