Ресейдің Ненецкий автономиялық округінде (НАО) Ан-2 жолаушылар ұшағы әуеге көтерілер алдында қираған, деп хабарлайды ТАСС.
Апат салдарынан екі адам опат болып, 11-і ауруханаға түсті, деп мәлімдеді өңір басшысы Александр Цыбульский.
«Ұшақтың бортында 13 адам болған, оның 11-і - жолаушы, екеуі экипаж мүшесі. Екі адам қаза тауып, қалғандары ауруханаға жеткізілді. Апат ұшақтың әуеге көтерілер алдында болған», - деді ол.