Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Кеңес барысында Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР заңын жүзеге асыру, астық нарығын тұрақтандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттық бағытта әртараптандыру мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, мал шаруашылығындағы эпизоотиялық жағдайды одан әрі жетілдіру туралы ақпарат тыңдалды.