• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 09:43

Қатар Премьер-министрі Иранға үндеу жасады

20 рет
көрсетілді

Қатардың Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі шейх Мухаммед бин Абдулрахман Аль-Тани Иранды Ормұз бұғазы арқылы көрші елдерге қысым көрсетпеуге шақырды. Бұл туралы ол Дохада Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әл-Тани Ормұз бұғазы халықаралық маңызы бар теңіз дәлізі екенін атап өтіп, оның қауіпсіздігі үнемі қамтамасыз етілуі тиіс екенін айтты. 

«Бұл – үнемі қорғалып, қауіпсіздігі тұрақты түрде қамтамасыз етілуі тиіс халықаралық су дәлізі. Бұғаздағы қазіргі жағдай мен онда болып жатқан оқиғалар енді қайталанбауы керек», деді ол.

АҚШ Иранның әскери нысандарына соққы жасады

Өз кезегінде Хакан Фидан да Қатар тарапының ұстанымын қолдап, әлемдік мұнай мен газ тасымалының маңызды бөлігі өтетін Ормұз бұғазының тұрақтылығы халықаралық қауіпсіздік үшін аса маңызды екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынған болатын. 

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар