• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Президент 25 Желтоқсан, 2017

Елбасы ең өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді

408 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы сұхбат барысында биыл елімізде өткен шараларды қорытындылап, журналистердің мейлінше өзекті сауалдарына жауап берді.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Астанада өткен "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, журналистерге бұл іс-шара ел экономикасына мультипликативтік тұрғыдан оң әсер еткенін айтты.

Елбасы еңбек миграциясы, "жасыл" экономика қағидаттарын енгізу және "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық сананы жаңғыртудың және қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығын атап өтіп, "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасын іске асырудың нәтижелері жөнінде ой бөлісті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының жеке тұлғасына қатысты сауалдар да қойылды.

Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы бүгін көрсетілді.