• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Желтоқсан, 2017

Қытайлық инвесторлар Сырдарияның сол жағалауында құрылыс салмақ

295 рет
көрсетілді

Қызылордада облыс әкімдігі мен «Джинан Сиян Констракшн Групп ЛТД» компаниясы арасында Сырдарияның сол жағалауында тұрғын үй салу туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қытай Халық Республикасының инвесторларымен кездесіп, оларға аймағымыздың инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндап берді.

«Біз кез келген тиімді идеялар мен жобаларды қолдап, инвесторлардың нәтижелі жұмыс жасауына барлық жағдай жасауға дайынбыз. Сіздер сол жағалауда құрылыс салуға қызығушылық танытқандарыңызды білеміз, сондықтан бөлінетін жер учаскелеріне қажетті инфрақұрылымды тартуды өз жауапкершілігімізге аламыз және бірлескен жұмыс барысында жан-жақты қолдау көрсететінімізді атап өткім келеді», - деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде, «Джинан Сиян Констракшн Групп ЛТД» компаниясының бас директоры Лан Лисяо әріптестік орнатқанына қуанышты екенін жеткізіп, ұзақ мерзімді бірлесе жұмыс жасауға ниет білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қараша айында «Баоньбао» Синьцзян сауда компаниясы» ЖШҚ басқарма төрағасы Лю Вэй ханым бастаған ҚХР делегациясы ІХ халықаралық «Байқоңыр Инвест» форумына қатысып, бірлесе жүзеге асыру үшін 5 жоба таңдаған болатын (Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу және пайдалану, Қармақшы және Жаңақорған аудандарында құс фабрикаларын салу, Қызылорда қаласының сол жағалауында құрылысын салу және «KazPump» ЖШС электр қондырғылары). Бұл жобалар бойынша жұмыс алдағы уақытта басталмақ.