• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Желтоқсан, 2017

Асқар Жұмағалиев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Қазанға барды

245 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Қазанға барды, деп хабарлады primeminister.kz. 

Алғашқы араланған нысан 143 стартап резиденті бар АТ-парк болды. Сапар барысында Татарстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – ақпарат және байланыс министрі Роман Шайхутдинов Республиканың IT-технологиялар саласындағы негізгі жетістіктері туралы әңгімеледі. Вице-Премьердің айтуынша, Татарстан қағаз түріндегі құжат айналымынан толықтай бас тартқан, бүгінде күн сайын 200 мың құжат пен 165 мың қарар электронды нұсқада жүргізіледі. Сондай-ақ, цифрландыру барлық әлеуметтік салаларды кеңінен қамтиды. «Электронды денсаулық сақтау» ақпараттық жүйесінде 18,5 мың медицина қызметкері жұмыс істейді. Бір миллионнан астам татарстандықтар, оның ішінде мұғалімдер мен ата-аналар «Электрондық білім» жүйесінің пайдаланушылары болды.

Бұдан өзге, делегацияға «ГЛОНАСС + 112» ақпараттық жүйесі ұсынылды. Бүгінгі күні оған Татарстанның барлық жедел оперативтік қызметтері қосылған. Бұл кез-келген күтпеген жағдайларда олардың жұмысын байланыстыруға және үйлестіруге жол ашады. Сонымен қатар бұл жүйе зардап шегушілер сигналдарын қадағалауға және қысқа мерзім ішінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

IT-паркін аралау барысында «АТ-парк» МДМ мен «Қазақтелеком» АҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум серіктестікті орнатуды және жиынтықты сақтау технологияларын, ақпараттық қауіпсіздікті, жасанды зердені, заттар интернетін дамыту және өзге де бағыттарда тәжірибе алмасуды қарастырады.

Кейін делегация «Иннополис» ерекше экономикалық аймағына барып, Иннополис университетінің ақпараттық технологиялар саласындағы әзірлемелерімен танысты. «Иннополис» — талантты әзірлеуші тұрғындары бар қала. Оның аумағында бес салық жеңілдігі жүреді және өмір сүруге қажетті барлық инфрақұрылым жасалған.