Мәскеудің Внукова әуежайында Utair әуекомпаниясының стюардессасы ұшақтан құлап ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлайды.
«Ханты-Мансийск қаласына ұшар алдындағы дайындық барысында ұшақтың артқы есігін жаппақ болған бортсеріктің аяғы тайып кетіп перронға құлады. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді» - деп жазылған әуекомпанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Хабарламада сондай-ақ, оқиғаның себептері анықталып, зардап шегушіге жан-жақты көмек көрсетіліп жатқаны атап өтілген.