• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Желтоқсан, 2017

Ескерту: Қазақстанда төрт облыста ауа райы күрт өзгереді

351 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК еліміздегі төрт облыста ауа райының күрт құбылуына қатысты ескерту жариялады.

25 желтоқсанда таңертең және күндіз, 26 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы) күтіледі. 25-27 желтоқсанда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с-ге жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жел 30 м/с болады немесе одан да күшті соғады. Тараз қаласында 25-27 желтоқсанда оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с немесе одан да асып кетуі ықтимал.

26 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 30 м/с шамасында немесе одан да екпінді жел күтіледі. 25-26 желтоқсанда Павлодар облысында жауын-шашын (көбінесе қар), кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады, 25 желтоқсанда екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с тіпті одан да үдеуі ықтимал.

26-сы, 27 желтоқсанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар қатты жауады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз 25 желтоқсанда, тәулік бойы 26-27 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 25, тәулік бойы 26 желтоқсанда кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан да күшті жел соғуы ықтимал.