• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 24 Желтоқсан, 2017

«Astana Winter Marathon» желаяқтары мәреге жетті

282 рет
көрсетілді

Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған қысқы марафон барысында 400-ге жуық адам қатысып, олар 10, 21 және 42 шақырым қашықтық бойынша жарысты.

 

Нәтижесінде 10 шақырымда Арман Ғалымов пен Әсем Меркажанова жеңімпаз атанса, 21 шақырымда Павел Брода және Әсел Құспанова қара үзді. Ал ең ұзақ 42 шақырымда тек ер азаматтар ғана жарысты. Бұл қашықтықта Асқар Жаңабергенов бірінші болып мәре сызығын кесіп, нағыз желаяқ, ұзақ жолдың жүйрігі екенін дәлелдеді.

Марафонға қатысушылардың барлығына арнайы медальдар табысталды. Ал жүлделі орынға ие болғандарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Бұдан бөлек, әр қашықтықта үш жас санаты (18-34, 35-44, 45+) бойынша жеңімпаздарға жүлделер мен бағалы сыйлықтар табысталды. Атап айтсақ, ең жас желаяқ бар болғаны 9 жаста болса, ең егдесі – 70-ті желкелеген желаяқ.

«Қатысушылардың арасында үкімет пен бизнес өкілдері де көп болды.