• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2011

Пара алып омалды

377 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында қаржы полициясы органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде пара бопсалау деректерін анықтау және оның жолын кесуді жедел-тергеу қызметінің басым бағыттары ретінде белгілеген еді. Осыған орай олар еліміздің барлық аймақтарында бақылаушы органдар тарапынан бизнес істеріне заңсыз араласу деректерін анықтады. Шығыс Қазақстанда об­лыс­тық сәулет-құрылыс бақылау бас­қарма­сы­ның лауазымды тұл­ғалары мен қыз­меткерлері та­ра­пынан кәсіпкерлерге құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік лицензия беру және бұ­рын берілген лицензия­лардың мерзімін ұзарту үшін олардан жүйелі түрде пара талап еткен фактілері ашылды. Облыстық қар­жы полициясы департаментіне сәулет-құрылыс басқарма­сы­­ның лауазымды тұлғалары құ­ры­лыс-монтаж жұмыстарына лицензия­ның мерзімін ұзарту үшін 75 мың теңге көлемінде па­ра бопсалап отыр деген арыз­бен кәсіпкер жүгінді. Жү­зеге асырылған шаралар нәт­и­же­сін­де аталған факт расталды, оған қо­са, осы мекемедегі пара алу­дың басқа да дәлелдері анық­тал­ды. Олар жүйелі түрде бо­лып тұрады екен. Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында, құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензияны беру үшін 150 мың теңге пара алды деген күдікпен лицензиялау бөлімінің бастығы Рақышев пен осы бөлімнің бас маманы Дусупов ұсталды, ағым­­да­ғы жылғы 13 қазанда оларға қатыс­ты қылмыстық істер қоз­ғалды. Ал 16 қазанда олар сот санкциясымен қа­мауға алынды. Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру шараларымен Шығыс Қа­зақстан облысының Сәулет-құ­рылыс бақылау басқармасы бас­тығының орынбасары Мүке­евтің құрылыс-монтаж жұмыс­та­ры­ның лицензияларын беру және оның мерзімін ұзарту үш­ін жалпы кө­лемі 300 мың теңге пара алу дерегі де ан­­­ықталды. 4 қарашада Мү­кеев ұс­талды, оған қатысты бірнеше рет пара алу фактісі бой­ын­­ша қылмыстық іс қозғалды. 6 қа­ра­шада сот санк­ция­сы­мен ол қа­мау­ға алынды. Айып­талу­шы­лар­дың өзге де пара алу ісі тексерілуде. Сонымен бірге, 2011 жылғы 24 қазанда Сәулет-құрылыс ба­қы­лау бас­­қармасының лицензия­лау бөлі­мі­нің бас маманы Ше­рияздановаға қа­тыс­ты парақор­лыққа делдал болу әре­кеті бой­ынша қылмыстық іс қоз­ғалды, нақты айтқанда, оған лицензиялау бөлімінің бастығы Рақы­ше­в­тің 500 АҚШ доллары көле­мін­де пара алуы кезінде делдал бол­ды деген айып тағылып отыр. Шерияздановаға қатысты еш­қай­да кетпеу үшін қолхат алу тү­рін­дегі бұлтартпау шарасы таң­­дал­ды. Қылмыстық істер тергелуде. Жалпы, 2011 жылғы 10 айда қар­жы полициясы органда­ры­мен пара­қор­лық деректері бой­ын­ша 470 қыл­мыстық іс қоз­­ғал­ды, оның 331-і пара алу, 101 – пара беру, 38 – парақ­ор­лық­қа делдал болу деп хабарлады Эко­но­м­и­калық қылмысқа және сы­­­бай­лас жемқорлыққа қарсы кү­рес агент­ті­гі­нің баспасөз қызметі. «Егемен-ақпарат».