• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Желтоқсан, 2017

«Ниет» байқауына 600-ден астам өтініш келіп түсті

268 рет
көрсетілді

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жариялаған үздік әлеуметтік ролик сценариін анықтауға арналған «Ниет» байқауына 600-ден астам өтініш келіп түсті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

27 қараша күні жарияланған байқауға өтініш қабылдау кеше аяқталды. Бір ай ішінде қазақстандықтардан өзекті тақырыптарды қамтыған 600-ден астам сценарий келіп түскен.

«Қазіргі уақытта барлық жұмыс қазылар алқасының қарауына берілді. Байқау қорытындысы 2018 жылдың қаңтар айында жарияланады», делінген хабарламада. 

Конкурсты Ақпарт және коммуникациялар министрлігі Astana Bank және Standart Life-пен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Бас жүлде – 1 миллион теңге. Жеңімпаз туындыға танымал режиссер Ақан Сатаевтың продюсерлігімен ролик түсіруілуі мүмкін.

Байқаудың ресми сайты: http://bestidea.kz/