• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2011

Елдіктің ерен ескерткіші

308 рет
көрсетілді

Кеше Алматыда «Қазақстан» атты монументті-мүсіндік композиция ашылды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атын­да­ғы саябақта «екі қанатын» керген ескерткіш қола мен граниттен және мәрмәр тастан жасалған. Композиция ортасында Қа­зақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің еңселі мү­сі­ні бар. Қос қанатта Астана мен Алматы бейнеленген. Қараша болса да жай­ма­шуақ­танған күнде ескерткіштің ашы­л­уы­на ел зиялыларынан бастап мың­ға тарта алматылықтар қа­тыс­ты. Ел­дігіміз үшін есте қа­ла­р­лық сал­та­натты оқиға барысында қала әкімі Ахметжан Есімов сөз алып, еге­мен елдің аз ғана уа­қыт­та қол жет­кізген сүбелі табыс­тарын атап шықты. Жоба авторларының бірі, Қа­зақстанның Қала құры­лысшы­ла­ры одағының президенті Любовь Нысанбаева егемен елдің дәл бү­гінгідей еңсесін тіктеуге Елба­сының сіңірген еңбегі орасан зор екенін, қиын кезеңдерді бірге өткерген Мемлекет басшысын өз замандастары бағалап, өз кезеңі бағалауы керектігін тілге тиек етті. Осы арада «ҚР Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заңның 9-бабына сәйкес, үсті­міздегі жылы қала құрылысы, архитекторлар, дизайнерлер мен суретшілер одақтары «Қазақстан» атты монументті-мүсіндік композиция орнату туралы бастама кө­тер­генін еске сала кетелік. Осы­лай­ша ауызбірлік танытқан шы­ғар­машылық одақтар аз ғана уа­қыт ішінде өз қаражатына тамаша ескерткішті орнатып үлгеріпті. Қасиетті жұмаға сәйкес келген салтанатта Парламент Сена­тының Халық­ара­лық қатынастар, қорғаныс және қауіп­сіздік ко­ми­тетінің төрағасы Қуа­ныш Сұл­танов халық ойындағы сөзді төмендегідей тарқатты: – Тарихтың талай тәпсірін ба­сы­нан өткізген Алматы өзінің шынайы ұлттық нышанын, бол­мысын, рухани маз­мұ­нын, кескін-келбетін еліміз тәуелсіз мем­лекет дәрежесіндегі 20 жылда ай­рық­ша сезіне бастады. Алматы­ның кө­шелеріне, саябақтарына, алаңдарына қазақ халқының ар­дақты тұлғаларының – мемлекет, қоғам, өнер, ғылым, мә­дениет қайраткерлерінің есімдері берілуі, оларға ескерткіш орнатылуы, қазақ тілінің жаңғыруы – ұрпақтың ұлттық санасын оятып, еліміздің тарихын та­ны­туға мол ықпал етуде. Алматы – ең қасиетті құнды­лығымыз – Тәуел­сіз­ді­гімізді жариялап, ұлттың азаттық туын көтерген Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Алматы – ұлттық рух, ха­лықтық бірлігімізді тұтастырып, еңсемізді көтеріп, өркениет жо­рығын бастаған Тәуелсіз мем­лекеттің Тұңғыш Президентін сайлаған Асыл Орда. Осы Алматыда біздің Пре­зи­денттің бастамасымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азия­дағы өзара сенім шаралары жө­нін­дегі кеңес, тағы басқа ха­лықаралық ұйымдар құрылды. Тұңғыш Президент, Елбасы­ның ту­ған елінің дүниежүзілік қоғам­дас­тық­та еңсесі биік ел болып танылуына күш салып, әлемнің назарын қазаққа ауда­рып, ісін көрсетіп, сөзін тың­да­тып, ақы­лын мойындатып, жаңа дәуір тұ­сында халқымыздың тұр­мыс, әлеуе­тінің өсіп-өркендеуі үшін ең маңызды шешімдер қабылдап, оны жүзеге асырып, кө­ркейгенін көрген жер. Алматы – Нұрсұлтан Назар­баев­тың «ғасыр жобасы» деген мәртебеге ие бол­ған Қазақ­стан­ның орталық өңірінің төсіне Тәу­елсіз мемлекетіміздің жаңа ас­та­насын салу идеясын толғатып, жа­рыққа шы­ға­рып, халыққа жа­ратқан жасампаз қала. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа дәуірдегі Жаңа Қазақстан мем­ле­кетінің негізін қалыптасты­рып, ірге­та­сын қа­лап, қабырғасын тұрғызып, ша­ңы­рағын көтеріп, ше­карасын бекітті. Қазақты әлем­ге танытты, мойындатты. Елімізде көп ұлттың, көп діннің басын біріктіріп, татулық орнатып, қо­ғам­дық келісімге келтіріп, тәуелсіз мемлекет мүддесіне жұ­мылдыра білді. Са­лиқалы сыртқы саясаты, салмақты бастамашыл қағи­дат­тары арқылы дүниежүзілік қо­ғам­дас­тық­та Қа­зақстанның беделін мей­лінше      биікке көтерді. Әлемнің ең беделді жо­ғары дәрежедегі кездесу, жиын­да­рын­да біздің Елбасының сөзі тың ойы­мен, орынды ұсыныстарымен ерекшеленеді. Алматы қаласында ашылған ску­льп­туралық композиция – Тәуелсіз мемле­ке­тіміздің символы, Нұрсұлтан Әбіш­ұлының мемлекет, ұлт алдындағы қы­руар еңбегіне, мемлекеттік қайраткер­лігіне берілген әділ баға, тарихи таным деп қабылдағанымыз орынды. Еңселі ескерткіш ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Талай замандар өтер, бүгінгі күндер де тарих қойнауына кетер, ал «Қазақстан» ком­по­зициясы, сенатор атап көрсеткендей, тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрып, оның іргесін нығайтқан Елбасының еңбегін келер ұрпаққа жеткізер елдіктің ерен ескерткіші болып қала бермек. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы.