• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Желтоқсан, 2017

Ботаникалық бақтағы бірқазан

1738 рет
көрсетілді

Петропавл қаласындағы бота­никалық бақты қыс бойы мекендеп шығатын бірқазанды қызық­таушылар да, жабыла асыраушылар да көп. 

Осындағы мамандардың айтуларынша, бірқазан бұйра және қызғылт деп екі топқа бөлінетін көрінеді. Алғашқы топқа жататын құсты Есіл ауданының бір тұрғыны көшеден тауып алыпты. Асырай алмасын сезгеннен кейін жергілікті ботаникалық баққа тапсырыпты. Бұл жаққа қалай ұшып келгені белгісіз.

«Қызыл кітапқа» енген айрықша әдемі бірқазанның қазір қарны тоқ, уайымы жоқ десе де болады. Ұзын­дығы бір метр, салмағы 15 келі тартатын құстың тамағын еріктілер мен жеке­леген адамдар қамтамасыз етіп отыр. Күннен- күнге өсіп, жетіліп келеді.

Негізінен субтропиктік аймақ­тарды қыстайтын құстың теріскей өңір­ге келуі өте сирек құбылыс, дейді табиғат қорғаушылар.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы