Астанада тұтынушылар есебінен көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсететін үйішілік газ қызметі пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Соңғы уақытта қала тұрғындары тарапынан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен подъездерінде газ иісінің тарап кетуі немесе газ желілерінің істен шығуына қатысты көп түседі. Сондай-ақ апаттық-диспечерлік қызмет жоқ.
Бүгінгі таңда газдың тарау салдарын жою және жөндеу жұмыстары ұсынылған смета бойынша жиналған мақсатты қаржы есебінен жүзеге асыралады. Қажетті қаржының уақытылы жиналмауына байланысты жөндеу жұмыстары соқызып кетеді.
Осыған орай елордалық Тұрғын үй инспекция басқармасы қалада үйішілік газ қызметін құруды ұсынып отыр.
«Аталған проблеманы шешу үшін материалды-техникалық база мен подъездердегі газ иісін және оның таралу себебін жоюмен айналысатын оқытылған штаттық мамандары бар үйішілік газ қызметін құру ұсынылады. Аталған қызмет түрі тұтынушылардан қосымша төлем жинау жолына негізделеді», - деді қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Әміржанов.
Алдын ала есеп бойынша, төлем көлемі әр пәтерден жылына 792 теңгені құрайтын болады.