• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №170

263 рет
көрсетілді

«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №549 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 8) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №549 Жарлығына (Қазақстан Республи­ка­сы­ның ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №6, 56-құжат; 2009 ж., №33, 308-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда жүзеге асырылады деп белгіленсін.». 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 9 қараша.   №170