• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Желтоқсан, 2017

Ресейлік композитор Владимир Шаинский дүние салды

300 рет
көрсетілді

Ресейлік композитор, халық әртісі Владимир Шаинский 92-ге қараған шағында дүние салды. Музыканттың ұлы Вячеслав Шаинский әкесінің қазасы жөнінде хабарлады, деп жазады бірқатар басылымдар.

«Ол АҚШ ауруханасында қайтыс болды. Операциядан кейінгі жағдай осылай болды, оған қоса біраз жасқа да келіп қалған. 12 желтоқсан күні 92 жасқа толған болатын», дейді Вячеслав Шаинский. Оның айтуынша, композитор онкологиялық дертке шалдыққан.

«Операция әлдеқашан жасалды. Одан кейін денсаулығы түзеліп, жағдайы жақсарды да. Дегенмен осынша жаста батпандап кірген ауру әсер етпей қоймайды», деп қосты ұлы.

Музыкант 26 желтоқсан күні Сан-Диегода қайтыс болды. Саналы ғұмырында көптеген кино мен мультфильмдерге ән жазды. Сонымен бірге Анна Герман, Майя Кристалинская, Людмила Зыкина, Ирина Муравьева, Иосиф Кобзон, Эдуард Хиль және Лев Лещенколардың орындауында әр жылдары 300-ден астам ән жазып қалдырды. Әсіресе «Антошка», «Песенка Чебурашки», «Голубой вагон», «Чунга-чанга», «Песенка мамонтёнка», «Облака, белогривые лошадки», «Если с другом вышел в путь», «Мы начинаем КВН», «Родительский дом» атты әндері балалар арасында кең танымал.

Әзірлеген Ая Өміртай,

«Егемен Қазақстан»