• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Желтоқсан, 2017

Астанада конькимен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды

395 рет
көрсетілді

Елордада конькимен мәнерлеп сырғанаудан чемпионат өтіп жатыр.

Жыл сайынғы чемпионатта Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарының спортшылары бақ таластыруда деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

25 желтоқсанда «Алау» мұз сарайында конькимен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды. Жарысқа әр түрлі жас санатындағы командалар қатысып жатыр. Спортшылар  бірінші разряд, СШК және СШ бағдарламалары бойынша бақтарын сынауда. 

Чемпионат жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында өтеді. Аталмыш жарыстың қорытындылары бойынша ҚР  ұлттық штатты құрама командасының құрамына кіретін мүшелер іріктеледі.

Шара ұйымдастырушысы – Ұлттық конькишілер федерациясы. Жарыстың бас төрешісі – халықаралық ISU санатындағы төреші Юрий Гуськов.

Жарыстар 29 желтоқсанға дейін жалғасады.