• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Желтоқсан, 2017

Ауа райына байланысты Тараз әуежайы жабылды

316 рет
көрсетілді

Ауа райына байланысты Тараз әуежайы жабылды, деп хабарлайды ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті.

Ведомствоның Фейсбуктегі парақшасындағы жазбада: «Тараз қаласының әуежайы 27 желтоқсан күні жергілікті уақытпен 05:00-де қолайсыз ауа райына байланысты уақытша жабылды.

Қазіргі кезде әуежайда желдің жылдамдығы секундына 25 метрге, екпіні 28-30 м/с-қа дейін жетеді. Сондай-ақ ұшу-қону жолағына 5 мм мұз қатқан. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ішкі рейстер тоқтатылды немесе кейінге қалдырылды», - делінген. Жолаушыларға әуе компанияларына телефон соғып, өз рейстерін алдын ала анықтап алу жөнінде кеңес берілді.