• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2011

Әріптестік жайы талқыланды

279 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.Қа­зы­ха­нов ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары К.Воллебекті қабылдады. Кездесу барысында екі жақ Қазақстан мен Жоғарғы комиссар офисі арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Қазақстанның сыртқы саясат ве­дом­ство­сының басшысы ұлтаралық тату­лық пен дінаралық келісімді сақтау мә­селелері Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие екеніне әрі еліміздің тұрақ­ты дамуының басты кепілі болып сана­ла­тынына айрықша назар аударды.     Е.Қазыханов Қазақстан мен Жоғарғы комиссар офисі арасындағы ынтымақ­тас­тықтың қарқынды сипатын атап өтіп, К.Воллебекке Қазақстан ЕҚЫҰ-да төр­аға­лық атқарған жылы көрсеткен көп­жақты көмегі үшін, соның ішінде 2010 жылы маусым-шілде айларында ЕҚЫҰ төзімділік және кемітпеушілік жөнін­дегі жоғары деңгейлі конфе­рен­циясын, сол жылы шілдеде «Аз ұлттар білімі: теңдік мүмкіншілігі мен интеграция» тақырыбы бойынша екінші қосымша жиналысын және қыркүйекте Вар­ша­вадағы ЕҚЫҰ шолу конферен­циясын өткізу барысында қолдау білдіргені үшін алғысын білдірді. К.Воллебек ұлтаралық келісімді кү­шейту бойынша ашық диалог пен жүй­елі жұмысы үшін Қазақстан тарапына ри­за­лы­ғын білдіріп, екі жақ ара­сын­дағы ын­тымақтастық одан әрі дами береді деген сенімін жеткізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.