• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2011

Британиядағы іскерлік шаралар

267 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқар­ма төрағасы Тимур Құлыбаев бастаған менеджерлер деле­га­циясы жұмыс бабымен Ұлыбританияға келді. Соған орай кеше Лондон қор биржасында «Қазақстан күні» өткізілді. Бизнес-форум түрінде өткен іс-шаралар барысында «Халықтық ІРО», «Бизнес-ахуал және Қазақстанға ин­вес­тициялық ағындар», «Қа­зақ­стандық зейнетақы қор­ла­рына инвестициялар», «Жеке капиталдың өсуіндегі жаһан­дық трендтер» деген негізгі төрт тақырып бойынша пікірталастар өрбіді. Әсіресе, Халықтық ІРО бағ­дарламасы британ іскер топ­тарының айрықша қызығу­шы­лығын тудырды. Қор бас­қармасы төрағасының орын­ба­сары Қуандық Бишімбаев қор­дың басқаруындағы жетекші мемлекеттік компаниялар­дың акцияларын қазақстан­дық­тарға сату жоспары ту­ра­лы әңгімеледі. Сол сияқты Лондонда «Энер­­гетика және балама көз­дерді дамыту», «Кен-ме­тал­лур­гия өнеркәсібін дамы­ту», «Фар­мацевтикалық компаниялар қыз­меті мәселелері бойынша панельдік пікір­сайыс» және «Қа­зақстандағы химиялық жобалар: жағ­даят­тар мен мүм­кін­діктер» мәсе­лелері бойынша панельдік сессиялар өтті. «Егемен-ақпарат».