• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қаңтар, 2018

Көші-қонда іркіліс болмайды

450 рет
көрсетілді

2017 жылдың қазан айында Үкімет көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған жаңа тұ­жы­рымдамасын бекітті. Осы кон­цепцияға сәйкес қажетті заң жоба­сы әзірлену үстінде. Яғни кәсіби ма­мандарды экономикаға тарту, ай­м­ақтар арасындағы демогра­фия­л­ық теңсіздіктерді реттеу және іш­кі миграцияны атаулы түрде мем­лекеттік қолдау бірінші кезекке шығарылуда. Сондай-ақ еліміз этностық миграция аясын кеңейткелі отыр. Бұл де­геніміз – мемлекеттік қолдау тек елге оралғандарға ғана емес, сонымен бірге шетте жүрген қан­дастарымызға да көрсетілетін болады. 

Осы жерде сонау 90-жылдары басталған бұл ұлы көш туралы айта кеткім келіп тұр. Қазіргі таңда елімізде 1 миллионнан аса қайта оралған бауырларымыз тұрып жатыр. Олардың көбі Өзбекстан (61,6%), Қытай (12,1%), Моңғолия (11,7%) және Түрікменстаннан (7,1%) келген. Сонымен бірге қандас­тарымыздың оралуына қаты­с­- ты ел заңнамасы да жыл сайын же­тіл­діріліп келеді. Өткен жылдан бас­тап күшіне енген заң аясында эт­ностық қазақтардың қайта оралуы­на, бейімделуіне және кірігуіне бай­ланысты кедергі келтіретін бір­не­ше проб­лема шешімін тапты. Мәсе­лен, этностық қазақтарға оралман мәр­тебесі, қоныстану аймағына қа­ра­мастан, бір жыл мерзімге бері­лу­де. Сонымен қатар азаматтық алу мерзімі төрт жылдан бір жылға дей­ін қысқарды. Атажұртқа оралғандарды ұтымды қоныстандыру мақсатында оларды қосымша еңбек ресурстарын қажет ететін аймақтарға жолдау шара­лары қабылданды. Нәтижесінде, өткен жылы елімізге 16,5 мың отбасы көшіп келді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 8 есеге көп.

Жаңа тұжырымдама шетелдегі қан­дастарымызға жоғарыда белгі­ленген іс-шараларды сақтай отырып, тағы да елге келуге ниеттілерге қосымша мүмкіндік қарастырып отыр. Егер қандастарымыз елге келіп, уақытша жұмыс іс­теу мүм­­кін­дігін сұраса, онда олар өз таң­дау­лары бойынша 1 жыл­ға, 3 жыл­­ға дейін немесе ұзақ мер­­зім­­­ді жобаларға қатысу мүм­кін­­ді­гін ие­ленбек. Этностық қа­зақ­­­тар­­ды жұ­мысқа тартқан жұ­мыс бе­ру­ші­лерге рұқсат тегін бе­рі­леді. Ал шет­елдіктер келетін бол­са, ақы­лы түр­де ұсынылады. Эт­ностық қа­зақтар қоныстанған не­месе жұ­мыс істеуді қалайтын ай­мақ­тар­да бей­імдеу орталықтарын са­лу неме­се оларға жұмыспен қамту ор­та­лық­тары арқылы қызмет көр­се­ту көз­делуде. Ал келген аза­маттар тұ­рақ­ты қоныстанып қаламын деген ше­шімге келсе, онда мемлекет тара­пынан бір реттік материалдық кө­мек (субсидия), 12 айға дейін үй жал­дауға берілетін ақшалай көмек және басқа да қажетті әлеу­мет­тік қызметтерді тегін ұсыну қа­рас­тырылған. Осындай көмекті қазір Оңтүстіктен Солтүстікке көш­кен тұрғылықты азаматтарымыз да алуда. Қорыта айтқанда, қан­дас­тарымызға өз таңдауы бойынша кө­шіп келуге немесе жұмыс істеуге жан-жақты мемлекеттік қолдау қарастырылып отыр.

Ауыт МҰҚИБЕК,

қазақ көшінің жанашыры, ақын