2011 жылғы 24 қазан, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 17 қазандағы №389 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңының 40-бабына сәйкес бұйырамын:
1. «Күзет қызметі субъектісіне тиесілігін айқындайтын арнайы киім үлгілерін және оны кию тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 389 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 6 қарашада тіркелген және 2008 жылы 26 қазандағы № 180 (1580) «Заң газетінде» жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықты мерзімді басылымдарда ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енгізілсін және ресми жариялауға жатады.
Министр Қ.ҚАСЫМОВ.