• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы № 561

334 рет
көрсетілді

2011 жылғы  24 қазан,  Астана қаласы Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 17 қазандағы  №389 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңының 40-бабына сәйкес бұйырамын: 1. «Күзет қызметі субъектісіне тиесілігін айқындайтын арнайы киім үлгілерін және оны кию тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 389 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 6 қарашада тіркелген және 2008 жылы 26 қазандағы № 180 (1580) «Заң газетінде» жарияланған). 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха): 1) осы бұйрықты Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын; 2) осы бұйрықты мерзімді басылымдарда ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енгізілсін және ресми жариялауға жатады. Министр   Қ.ҚАСЫМОВ.