• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2011

Жұмысты жандандыруды тапсырды

216 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. М.Құл-Мұхаммед Президентті «Мәдени мұра» бағдар­л­а­ма­сын, тілдерді дамыту мен қол­данудың 2011-2020 жылдарға ар­налған мемлекеттік бағдарла­ма­сын, Қазақстан Республикасы Тәу­елсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуді өткізу жө­ніндегі Мемлекеттік комиссияның жалпы­ұлт­тық жоспарын, облыс­тардың мә­дениет күндерін және министрлік қызметінің өзге де басым бағыт­та­рын іске асыру барысынан хабардар етті. Мемлекет басшысы  министр­лік үлкен жұмыстар жасап жат­қа­нына тоқталды. Сонымен бірге, Президент шығармашылық одақ­тармен, зиялы қауым өкілдерімен тығыз жұмыс жүргізу қажеттігін, олардың елімізде атқарылып жат­қан шаруалардан сырт қалмауы тиі­стігін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық киноның мін­деттерінің бірі – халықтың салты мен қазіргі заманғы қазақ­стан­дықтардың адами қасиетін ашып көрсететін, Қазақстанның бүгінгі күрделі тарихи жолы, халықтың бірлігі туралы фильмдерді түсіру екеніне ерекше тоқталды. Президент министрлікке тарихи және мәдени мұраларды сақ­тау, ел Тәуелсіздігінің елеулі жетістіктерін ашып көрсету сияқ­ты ауқымды мәселелер бойынша зиялы қауыммен және шығар­ма­шылық одақтарымен жұмысты жандандыруды тапсырды.