• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2011

“Ордабасы” – Қазақстан кубогының жеңімпазы

321 рет
көрсетілді

Маусым басында ала-құла ойнап, жан­күйер­ле­рінің мазасын май ішкендей қашырған “Орда­басы” футбол клубы қарашада қарқынын күшейтті. Жар­тылай финалда «Таразды» өз алаңыңда 3:0 есебімен ұтқан Оңтүстік оғландары Қазақстан кубогының биылғы иесін анықтау үшін Қостанайдың “Тобы­лымен” күш сынасқан болатын. Алматыдағы Орталық стадионда өткен кезде­судің 40-шы минөтінде Мұхтар Мұхтаров соққан гол ойын­ның тағдырын шешті. Бұл кубок – футбол клубының ең үлкен жеңісі. Жеңімпаздарға облыс әкімі Асқар Мырзахметов лайықты құрмет көрсетті. Бақтияр ТАЙЖАН. Оңтүстік Қазақстан облысы.
Соңғы жаңалықтар