Маусым басында ала-құла ойнап, жанкүйерлерінің мазасын май ішкендей қашырған “Ордабасы” футбол клубы қарашада қарқынын күшейтті. Жартылай финалда «Таразды» өз алаңыңда 3:0 есебімен ұтқан Оңтүстік оғландары Қазақстан кубогының биылғы иесін анықтау үшін Қостанайдың “Тобылымен” күш сынасқан болатын.
Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесудің 40-шы минөтінде Мұхтар Мұхтаров соққан гол ойынның тағдырын шешті. Бұл кубок – футбол клубының ең үлкен жеңісі. Жеңімпаздарға облыс әкімі Асқар Мырзахметов лайықты құрмет көрсетті.
Бақтияр ТАЙЖАН.
Оңтүстік Қазақстан облысы.