• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2011

Ұйым қызметіне жоғары баға

320 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми БҰҰ Жоғарғы комиссарының Босқындар істері жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы Ай­мақтық үйлестірушісі/Аймақтық өкілі Сабер Азамды қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қа­зақстан мен БҰҰ ЖКББ-ның өзара іс-қимылын одан әрі дамыту мәселелері талқы­лан­ды. «Босқындарға қатыс­ты оқиғаларды тұрақтан­ды­ру­ға және жақсартуға ба­ғыт­талған БҰҰ БЖКБ қызметін Қазақстан жоғары баға­лай­ды», – деді Қ.Мәми. Кездесу барысында Төр­аға адам құқықтары, оның ішінде босқындар мен көшіп келу­ші­лер­дің құқықтарын сақ­тау са­ла­сындағы мемлекеттік саясат міндеттерінің басымдығын атап өтті. Әңгіме барысында С.Азам да Қазақстан мен БҰҰ ЖКББ-ның босқындар және көшіп келушілер мәселелері жөніндегі жан-жақты ынты­мақ­тастығын жақтайтыны ту­ралы айтты.
Соңғы жаңалықтар