«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 6-тармағына сәйкес банкроттық – дәрменсіз борышкерді сот шешімімен тарату үшін негіз болып табылады. Яғни, қарапайым тілмен айтқанда, ұйым банкрот болады, егер оның мүлкі мен ақшалай қаражаты ұйымның барлық қарыздарын толықтай төлеуге жетпеген жағдайда. Бұл жағдайда, ұйымның барлық мүлкі сатылады және борыштары жекелей өтеледі, ал ұйымның өзі таратылады. Банкроттаудың іс-жосығы ұйым кредиторларының талаптарын қанағатандыру болып табылады.
Ұйым банкроттығының белгісі мына факт болып табылады, егер де ұйым кемінде 300 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде ақшалай қарызды оны төлеу мерзімінің сәтінен бастап төлемеген жағдайда.
Конкурстық өндіріс борышкердің төлем қабілеттілігін қалыпқа келтіру мүмкін болмаған жағдайда сот шешімі негізінде енгізіледі. Конкурстық өндірісті енгізу ұйымның банкрот болуын білдіреді. Конкурстық өндіріс енгізу бойынша борышкердің басшысы басшылық жасаудан шеттетіледі және оның барлық өкілеттігі конкурстық басқарушыға өтеді. Конкурстық басқарушының негізгі мақсаты кредиторлармен есеп-айырысу үшін борышкердің барлық мүлкін сату болып табылады. Конкурстық өндірістің аяқталуы бойынша борышкер таратылады.
Банкроттау іс-жосығы тек ұйымға ғана емес, сондай-ақ жеке кәсіпкер болып табылатын азаматарға да қатысты қолданылуы мүмкін.
Шолпан ЖҰМАБАЕВА, Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу комитетінің «Тобыл» өңіраралық департаменті банкроттық рәсімдерді бақылау бөлімінің бастығы.