Астана қаласының Білім басқармасы күннің суықтығына байланысты ертең де мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайтынын хабарлайды.
«24.01.2018 жылы ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды. Ақпарат аяздың күрт күшеюіне байланысты алдын ала беріліп отыр» делінген хабарламада.