«Астана» футбол клубының баспасөз қызметі бас директор Қайсар Бекеновтің отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Клуб ұжымы атынан Қайсар Рауфұлына кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және «Астана» футбол клубының дамуына қосқан зор үлесі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы уақытта отбасына амандық, бақ-береке, жақсылық және барлық жаңа бастамасына толағай табыс тілейміз!», делінген хабарламада.
Қайсар Бекенов клубта 2013 жылдан 2019 жылға дейін басшылық қызметтерді атқарған.
«Астана» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастады
2024 жылы ол клубқа қайта оралып, 2025 жылы қайтадан бас директор қызметіне тағайындалған болатын.