• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Кино 25 Қаңтар, 2018

«Сталиннің өлімі» фильмі Қазақстан прокатына шықпайтын болды

298 рет
көрсетілді

Фильмді көрсетуден қазақстандық кинотеатрлар түгел бас тартуы себепті ел аумағында көрсетілмейтін болды, деп хабарлады прокатпен айналысатын «Вольга» компаниясының өкілі Юлия Фатееваға сілтеме жасаған Vласть интернет-журналы.

«Сталиннің өлімі» – француз комиксі негізінде түсірілген сатиралық комедия.

Фильмде КСРО-да 1953 жылы Сталин өлген соң билікке талас баяндалған. Негізгі рөлдерді Стив Бушеми, Джейсон Айзекс және Ольга Куриленко ойнаған. Фильм АҚШ-та биыл наурыз айында прокатқа шықпақ. «Rotten Tomatoes» сайтында кинотуынды 8,3/10 балдық жүйемен бағаланған.

Аталған кино туынды Ресейде де көрсетілмейтін болды. «Сталиннің өлімі» картинасын прокатқа шығаруға 17 қаңтарда рұқсат берген Ресей мәдениет министрлігі 23 қаңтар күні рұқсатын қайтарып алатынын мәлімдеді. Министрлікке қарасты заңгерлердің өзара шешімінше «комедияның тарихи, я мәдени тұрғыдан ешқандай құндылығы жоқ және Советтік елтаңба, орден мен медальдар мазақ ретінде көрініс тапқан».