Астанада ХОК Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында хоккей жаттықтырушылары біліктілігін арттыру курстарын аяқтады, деп хабарлайды Хоккей федерациясы.
Николай Кузнецовтың семинарына қатысушыларға дәрістер оқылды, практикалық сабақтар өткізілді, жас хоккейшілерді техникалық дайындау мәселесі талқыланды. Курс аяқталғаннан кейін оның қатысушылары ХОК сертификатын алды.
Еске салайық, осы семинарда Алматыда тек Қазақстан және басқа елдерге мамандар дайындайтын Жаттықтырушылардың жоғары мектебі ашылатыны мәлім болды.