Кабулда тіркелген жарылыстан зардап шеккен қазақстандықтар туралы мəлімет келіп түскен жоқ. Бұл туралы Кабулда бүгін болған жарылыс бойынша ҚР СІМ ресми өкілі хабарлады.
«Зардап шеккен қазақстандықтар туралы мəлімет келіп түскен жоқ», - деп мәлімдеді ҚР СІМ ресми өкілі Əнуар Жайнақов.
Еске сала кетсек, бүгін Ауғанстан астанасы Кабулда лаңкес жедел жəрдем көлігін өзімен бірге жарып жіберген.