Астанада төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт сөндірумен айналасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат оқиға орнынан.
«Оңтүстік-шығыс» шағын ауданындағы Балқантау көшесінің бойында орналасқан «Палау орталығы» (Центр плова) дәмханасы жанып жатыр.
Оқиға орнына үш өрт сөндіруші көлік, полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі келді. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.