• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2018

Ауыл тұрғыны адасқан аққуды тобына қосты

656 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылы бағытындағы Ақтау-Аэропорт тас жолы маңындағы жеке шаруашылықтың шопаны Құралбек Әбдікәрімов адасқан аққуды тобына қосты, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі. 

«Кеше Маңғыстау облысы Ақшұқыр селосы бағытындағы Ақтау-Аэропорт тас жолы маңындағы жеке шаруашылықтың шопаны Құралбек Әбдікәрімов есімді азамат жалғыз аққуды тауып алып, үйде ұстап отырғанын Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хабарлады. Инспекция қызметкерлері осы мекенжайға барып, аққуға барлық көмекті көрсетті. Яғни, құсты толықтай тексеріп, жарақаттанбағанын, аздап әлсірегенін анықтады. Инспекция қызметкерлері аққуды Ақтау қаласы маңындағы «Қарақия-Қаракөл» қаумалындағы Қаракөл көліне жіберді. Бұл көлде қазіргі таңда 300-ге жуық аққу мекендейді. Егерде осындай жағдайға тап болсаңыздар, дереу бізге хабарласуларыңызды сұраймыз», дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Құралбек Әбдікәрімов үйінің маңына келіп, ұша алмай жүрген аққуды байқайды да, маңайдағы иттерден қорғау үшін үйіне алып барады. Шопан аққуға нан беріп тамақтандырған соң, құзырлы органдарға хабарласыпты.