• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Қаңтар, 2018

Еділ Мамытбеков: Цифрлы экономика негізін­де цифрлы кодекс немесе заң қабылдау керек

296 рет
көрсетілді

Елбасы өз Жолдауында таяу жылдарға арналған жұмыс бағдарларын нақтылап  берді. Басты арқау – интернет, мобильді және сенсорлық жүйелер арқылы жүзеге асырылатын экономикалық және әлеуметтік шаралардың жаһандық жүйесін пайдалана отырып, Қазақстанда «цифрлы экономиканы» дамытудың қажеттілігі. 

Бүгінгі таңда цифрлы әлем жаһандық деңгейде өзгергеніне қарамастан, сенің сол өзгеріс­терге дайын екендігіңді сұра­майды. Қазақстан үшін цифрлы жүйе – шикізаттық экономика «ұйығынан» шығудың ай­қын жолы.

Мен реформалаудың 10 ма­ңыз­ды бағдарынан өзгелерін жү­зеге асырумен тығыз байла­ныс­­ты негізгі үшеуін ерекше атап өтер едім. Біріншіден, бұл – жаңа технология негізінде ин­­дус­­трия­ландыруды жеделдету, екін­шіден, адам капиталы, үшін­­шіден, тиімді мемлекеттік басқару. 

Бірінші міндет өзімен бірге «ресурстық потенциалды дамытуды», «ақылды» технология мен басқа да түйіндес мә­се­ле­лерді қамтиды. Ал адам ­ка­пи­талының теңгермелі дең­гейінсіз, бұған қоса, тиімді мем­лекет­тік басқарусыз жаңа технология негізіндегі индустрияландыру мен цифрлы технологиялар арқылы да әлемдік ортадағы Қазақстанның шикізаттық экономикадан шығуын әрі бәсеке­лестік басымдығын жоға­ры­лату­ды ешқашан жүзеге асыра ал­майды. Шешуші нәтиже – ре­сурс­тық-энергия үнемдеу технологиясы мен өндіріс негізінде ин­дустриялық-цифрлы жасыл экономикаға көшу.

Жолдауда адам капиталына жан-жақты әрі ерекше сипатта көңіл бөлінген. Эконо­мика­ның барлық саласын қам­ти­­тын әлемдік стандарт дең­гейін­дегі отандық кадрлар әлеуе­тін даяр­­лауға ерекше мән бері­ле­ді. Бұл орталық атқарушы ор­ган­­­дарға жауапкершілік жүк­теп, жұмыспен қамту нары­ғын қа­лып­тастыруда жүйелі әдіс енгі­зуіне мүмкіндік туғы­зады. Осы­ған орай, ел эконо­мика­сы­ның кадр­ларға қатыс­ты нақты қа­­жет­­тілігін есеп­теу арқылы еңбек нарығын­дағы сұраныс пен ұсы­ныс­ты теңес­тіруді қамтама­сыз ету керек.

Ел Президенті «мұнай мол­шы­лығы» дәуірінің аяқталу кезеңі жақындағанына, әрі қарай мемлекеттің даму қарқыны­ның сақталуы мен жоғарылауы жа­ңа сапалы әрекеттерді қажет ете­тін­дігіне баса назар аударды. Сон­дықтан Қазақстанда «2050» Стр­атегиясы қабылданып, 5 инс­титуттық реформаны орындау бо­йынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, индустрияландыру және «Цифрлы Қазақстан» бағ­дарламалары жүзеге асырылуда. Бұлар қазіргі заманның өктем талабын өсіп-өркендеудің жаңа мүмкіндіктері ретінде пай­да­­лануға жол ашады.

Жолдауда барлық салада ин­т­е­ллек­туалдық жүйе мен «ақыл­ды» технологияны енгізу және цифр­ландыру, автоматтандыру мәселелеріне ерекше мән беріл­ген, өйткені бұлар цифрлы тех­но­логияның негізі болып саналады. 

Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі прогрес­тің қандай ұм­ты­лыспен алға жыл­жу қар­қы­нын көрсетті. Энер­готиімділік пен энер­гоүнемдеу жалпылық сипатты, ал индустрияландыру инно­вациялық дәрежені иеленуі тиіс. Бірқатар қазақстандық өн­діріс орындарын цифрлы жү­йеге көшіруге арналған қанатқақты жобалар мен бұл тәжіри­белер­ді тарату өңірлердегі тех­ноло­­гия трансфертінің нақты қад­ам­дары­ның біріне айналады.

Бүгінгі таңда агроөнер­кә­сіп кешенін жетілдіру барысын­да шикізат индустриясын ұйым­дастыруға, табиғи ресурстарды басқару ісіне, кешенді ақ­па­рат­тық технологиялық плат­фор­маға, «ақылды» технологияны ен­­г­ізуге сындарлы түрде бас­қаша ой­лануға тура келеді.

Кез келген технология адам білімінің жемісі болып табылады, ал цифрлы экономика білім экономикасымен тығыз байланысты. Сондықтан Жолдауда барлық жас деңгейіндегі азаматтарды қамтитын білім беру­дің жаңа озық жүйесін қалып­тас­­тыруды жеделдету мін­деті қо­­йыл­ды. Білім беру бағдар­ла­ма­ларының маңызды басым­дығы жаңа білімді игеру мен шұғыл өзгерістерге үнемі бейім­делу қа­бі­леттілігін жетілдіре білуі тиіс.

Білім беру саласына өз ин­вес­тициялық жобасы мен экс­порттық әлеуеті бар экономи­каның бір бөлігі ретінде қарау керектігі дәл уақытында айтылды. Осыған сай, ел экономикасы салаларының дамуында тарихи орны бар – метал­лургия, мұнай-газ химия, АӨК, биофизика-техникалық, сонымен бірге алдыңғы қатардағы ІТ-тех­н­о­логияларда ғылыми әрі прак­­тикалық зерттеулер басым­­дығына ие іргелі және қол­дан­балы ғылымды жедел дамытуға тура келеді. 

Елімізді индустриялан­дыру саласында жоғары еңбек өнім­ділігінің негізі болып сана­ла­тын жоғары кәсіби жұ­мыс­шы кадр­ларды даярлауға ба­ғы­т­тал­ған жастарды тегін кәсіптік-тех­ника­лық біліммен қам­та­ма­сыз ету жоба­сының Жол­дауда жал­ғасын табуы зор қолдауға ие болды.

Қазақстандағы бар жетіс­тік­теріміздің орталығы әрі тірегі – біздің Астанамыз. 2018 жыл – Астана қаласының 20 жылдық мерейтой жылы. Жолдау біздің алдымызға зор міндет қойды. Ол – «Smart City»-дің стандартты «эталоны» болу және оны Қазақ­станның барлық қалал­арында өрбіту. Бұл тұста «ақыл­ды» қала­лар өңірлік даму мен өмір сүру сапа­сының жоға­рылау локомо­тиві болуы тиіс. Мысалы, Астана қаласында «Өмір сүру деңгейін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» жобасы, «Smart мектеп», «Smart көше жарықтандыру», «Smart емхана» және т.б. бағдарламалар бойынша бастамалары жүзеге асырылуда. «Smart City» технологиясын енгізу мегаполистер мәселесін шешуге, олардың дамуына мол мүмкіндік беріп, қала тұрғындарының қауіпсіздігін, жайлы да ыңғайлы өмір сүру жағ­дайын жақсартатынын әлем­д­ік тәжірибе көрсетіп отыр.

2018 жылғы Жолдаудың ең басты екі ерекшелігін атап өту­ге тиіспіз. Біріншісі – Қазақ­­стан мен әлемдік экономика үшін маңызды саналатын жағдай­ларға прагматикалық көз­қа­рас­тан тұрады, онда әлем­нің алдыңғы қатарлы 30 елі құ­рамы­на ену бойынша дағ­да­рыс­қа қарсы басты-басты бағ­дар­ламалар мен нақты қадамд­ар айқындалған. Біздің стратегия­мыз – алға ұмтылу мен жеті­ле түсу, бастамалар мен бел­сен­­ділік, инвестиция тарту мен жаңа жобалар. Екіншісі – Жол­дау­дағы 10 бағдардың бар­лығы өзара тығыз байланысты, олар­дың әрқайсысын сапалы түрде жүзеге асыру тек бәрін орын­да­ғанда ғана жетістікке ие болады.

Цифрлы экономика саласын­да өзіміздің кадрлық, интел­лек­туалдық, технологиялық ба­сым­­­­дықтарымызды жетілдіру үшін төмендегідей бағыттар бо­йынша әрекет жасауды ұсы­на­мын:

1) экономиканың бар­лық саласында цифрлы тех­но­логияны енгізу үшін заман­ға сай нормативті база құру, мем­лекеттің, бизнес пен азамат­тар­дың қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету мақсатында шешімдер қа­был­д­ау;

2) өндірістерді цифр­лан­дыру жолымен жүретін, мәлі­меттердің мол қорын талдап-саралаумен белсенді айналысатын компанияларға қо­лай­лы жағдайлар жасап, қол­дау көрсету;

3) цифрлы эко­­но­ми­каның өзіндік да­муы­на жол ашатын мемлекет-жеке­мен­шік се­ріктес­тігі негізінде цифр­лы эко­номиканың инфрақұ­ры­лы­­мын құру, тосқауылдарды алып, бизнеске кедергі жасамау;

4) циф­рлы экономика саласы бо­йын­ша мамандар даярлауды ұл­ғайту және жалпы цифрлы сауат­тылыққа қол жеткізу;

5) ел Пре­зидентінің «Бесінші жол» мақаласында көрсетілгендей, оның үш алыбы – басқарудың техника-технологиялық, валюта-қаржылық және әлеуметтік-саяси құрылымдарын иннова­циялық дамыту жолы арқылы тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету.

Түрлі саладағы цифрлы эко­номиканың дамуына кедергі жа­сай­тын заңнама жүйесіндегі шек­теуді ықшамдау керек. Ескірген әрі тозығы жеткен талаптардан арылып, салааралық инс­ти­тут­тарды жаңарту ісі кезек күт­тір­мейді. Мысалы, қағаз жүзін­дегі еңбек шарты мен еңбек кітап­ша­сын жүргізуден арылған жөн. Қа­шы­қтықтан жұмыс ат­қару­дың тех­нологиялық мүмкін­дігі адам­дардың қайда жұмыс іс­тейтінін емес, оның құзыре­ті жұ­мысқа сай келетіндігі маңыз­ды болуына әкеліп соғады. Ең­бек заңын өз­герту мобильдік дең­­гейді жо­ға­ры­латып, цифрлы эко­но­ми­­ка­ның дамуына серпін береді.

Ағымдағы заңнамалық шек­теуді алып тастау цифрлы эко­номика мәселелерін реттей­тін кешенді заңнаманы әзірлеу ісін талап етеді. Менің пайымдауым­ша, цифрлы экономика негізін­де цифрлы кодекс немесе заң қабылдау керек.

Сонымен бірге цифрлы заң­нама мәселелерімен айналысатын арнайы кафедралары бар жо­ғары оқу орындары негізінде құзыреттілік орталығын құру ке­рек, олар заңгерлерді емес, ақпа­ра­т­тық технология саласынан ха­бар­дар кәсіби кадрлар даярлайды.

Бұдан басқа, болып жатқан өзгерістерге жылдам бейімделе алатын цифрлы экономиканың басқару тетігін өзгерту керек. Өзгерістер жиі болған сайын мемлекетті басқару ісін соған бейімдеп үлгеруге тиіспіз. Өкі­нішке қарай, бізде норма­тивті құқықтық актілерді қабылдау үдерісі шексіз бюро­кратталған. Мысалы, бір ғана құқықтық акті­ні қабылдау үшін екі айдан үш айға дейін, кейде одан да ұзақ уақыт кетеді. Қазіргі жағдайда шегі жоқ келісімдер мен ұзаққа созылатын бюрократтық ресім­деулерге жол жоқ.

Үйлестіру шарасына жұмыс атқарудың цифрлы кеңістігін құру мен нормативті құжаттар келісімі есебінен қол жеткізуге болатын шығар. Сарапшылар әлдеқайда қатаңдау өзгерістерді ұсынады: нормативті актілер­ді үйлестірмей-ақ, өз норма­ларының негізіне сүйенетін ұстанымды шешімдер мен ал­го­ри­тмдерді үйлестірсе жет­кілік­ті. Мұндай қанатқақты жобалар цифрлы басқару жүйесіне ену ба­рысындағы алғашқы қадам болып, ал Қазақстан цифр­лы эко­номика мәселелерін шешу­дегі осындай жолдары арқылы әлемдік көшбасшыға айналар еді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаһандық дағдарыс жаңа мүмкіндіктер, ең бастысы, соларды ел игілігі үшін пайдалана білуіміз керектігін бірнеше рет атап өткен болатын. Біз ел Президентінің басшылығымен Жолдауда көрсетілген барлық басымдыққа ие мақсаттар мен міндеттерді жемісті жүзеге асы­ратынымызға нық сенімдімін.

Еділ МАМЫТБЕКОВ, Парламент Сенатының депутаты