2011 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабековтің басшылығымен Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста сот жүйесіндегі кадрлық мәселелер қарастырылды.
Жекелеп алғанда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстық соттарының төрағалары мен Батыс Қазақстан облыстық соты кассациялық сот алқасының төрағасы қызметтеріне тағайындауға кандидатуралар, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясының орнынан кетуіне байланысты атқарып жатқан қызметінен босату жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс жасалды.
«Егемен-ақпарат».