• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2011

Даму және өркендеу жолымен

324 рет
көрсетілді

Алматыда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық пар­тия­сының қалалық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген оты­рысы болып өтті. Онда «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық фи­лиалының төрағасы Ахметжан Есімов сөз сөйледі. Саяси кеңес отырысының күн тәртібіне бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – партияның сайлауалды тұғырнамасы шыға­ры­лып, жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, бірқатар пікірлер мен ұсыныстар ортаға салынды. «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс өте­тін XIV съезіне қатысатын делегаттарды сайлау және пар­тияға жаңа мүшелерді қабылдау жүзеге асырылды. Көпшілікке белгілі, қазақ­стан­дық­тардың сеніміне ие болған «Нұр Отан» партиясының негізін мемлекетіміздің тұрғындары құ­рай­ды десек, ал партияның күші олардың, яғни халқымыздың мә­де­ни және рухани әл-ауқаты бо­лып табылатындығы айтпаса да түсінікті. Міне, осындай басты себептен партия өз қатарын тәу­ел­сіздігіне жиырма жыл толған мемлекеттің одан әрі дамып, өр­кен­деуіне лайықты үлес қосатын азаматтармен және танымал әрі беделді тұлғалармен толық­ты­ру­ды басты мақсатқа айналдыруы құптарлық жәйт. Партия ұйымдарының сай­лау­алды тұғырнамасының жобасы Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұл­тан Назарбаев ұсынған еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын тиімділікпен жү­зе­ге асырудағы міндеттерге негізделген. Бұл орайда, ең басты назар қазақстандықтардың өмір са­пасын жақсартуға, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын одан әрі жетілдіруге аударылып отыр. Сонымен қатар, қазақ хал­қының және елімізде қоныс­тан­ған өзге де ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтап, дамыту қажет. «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ахметжан Есімовтің айтуынша, «партия мүшелері ұлт­аралық және конфессия­ара­лық келісім мен ұлттар ара­сындағы ынтымақты, достықты сақтап, оны одан әрі нығайтуға өз тарапынан ықпал етуі қажет». «Нұр Отан» ХДП-ның Ал­ма­ты қалалық филиалының кеңей­тіл­ген басқосуында сөз алған партияның республикалық Саяси кеңесі бюросының мүшесі Александр Павловтың айтуынша, «оң­түстік астананың өндірістік көр­сет­кіштері, бұл бағыттағы тәжі­рибесі айтарлықтай». – Ұлан-байтақ еліміздің әлеу­мет­тік-экономикалық дамуына ал­матылықтардың қомақты үлес қосып отырғандығы анық. Соған орай, Алматы қаласындағы пар­тия­ның 72 мыңға жуық мүшесі партияның алға қойған мақ­сат­та­ры мен міндеттерін кеңінен наси­хаттаулары қажет екендігін айт­қым келеді. Ұлт көшбасшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде Тәу­елсіздігіне небәрі жиырма жыл ғана толған мемлекетіміз әлемге танылып, уақыт өткен сайын көркейе түсуде. Болашаққа бағытталған қазақстандық жол­дың келешегінің де кемел бола­тынына сенім мол, – деді Александр Павлов. Кеңейтілген жиында партия­ның кезектен тыс өтетін XIV съезіне делегаттар сайланды. «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұ­ғыр­намасының жобасы партия­ның Алматы қалалық фили­алы­ның саяси кеңесінің басқосуында бірауыздан мақұлданды. Жиын соңында партия қатарына қабыл­данғандарға партия билеттері салтанатты түрде тапсырылды. Олардың арасында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ел Туының авторы Шәкен Ниязбеков, соғыс және еңбек ардагері Сұлтан Жиенбаев, халық әртісі Ескендір Хасанғалиев және басқалар бар. Бақыт БАЛҒАРИНА. Алматы.