• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Ақпан, 2018

Ереже бұзушыларға ерекше бақылау

400 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қа­ла­сында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ет­у­­­ге­ ар­налған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға қатысқан Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция пол­­ковнигі Бақыт­жан Малыбаев бүгінгі күні қаланың көше-жол желілерінің жалпы аумағы 1146, 6 км. құрайтынын жеткізді.

«Өткен 2017 жылы полиция­ қызметкерлері қаланың көше-жол желілеріне 320 рет тексеріс жүр­гізген, тексеріс барысында 15 мың км­ жер қамтылған. Тексеріс нә­ти­жесі бойынша Астана қаласы Жо­лау­шылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, аудан әкім­діктеріне және басқа да мүдделі органдарға 422 ұйғарым берілген. Жауапты адамдардың жұмыс жүргізу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қам­та­масыз ету,  сондай-ақ көше-жол желілерін күтіп-ұстауға жауапты адамдардың талаптарды орын­дамағандары үшін  224 лауазымды адам жауапқа тартылды», деді Б.Малыбаев.

Сонымен қатар брифингке Ас­­тана қаласы ІІД Жергілікті по­­лиция қызметі  бастығының орын­басары, полиция полковнигі Тахир Абдурахманов, Астана қа­ласы ІІД Әкімшілік полиция бас­қармасы Жол техникалық инспекция бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Бахытжан Алтыбай қатысты.

Сондай-ақ ол өткізу қабілет­тілігін көбейту мақсатында 8 учас­кеде  жеке бөлінген оң жақты қоз­ғалыс жолақ­тарының құрылысы жүргі­зілгендігін, қала көшелерінің 12 учаскесінде «Bus Line» қоғамдық көліктері үшін бөлінген жолақтар қолданылатынын айтты.

«Жылдан жылға ЖЖЕ-ні бұзуды жа­­зып алудың автомат­ты жүйесі кеңеюде. Қазіргі уа­қытта қалада жыл­дамдық режімін жа­зып алатын «Red Speed» ста­ционарлық жыл­дамдық өлше­уі­ші, «Vocord» аппарат кешені, «Ин­тегра КДД» жол қоз­ғалысын ба­­қылау жүйесі сияқты 115 жүйе ор­натылған. «Мемлекет-же­ке­меншік әріптестігі» жобасын іс­ке асыру аясында елордада 2017 жылдың қазанынан бастап 20 желілік жол учаскесінде «Bus Line» бойынша бұзушылықтарды жа­­зып алатын «Сергек» аппараттық-бағ­дарламалық кешені пайдалануға енгізілді. Кешен жол қозғалысын тәулік бойы автоматты бақылау мүм­­кіндігін ұсынады, сондай-ақ кө­лік құралдарының ЖЖЕ-ні бұзуын қа­шықтан жазып алуға арналған. «Сергек» ап­па­­раттық-бағдарламалық кешенін енгізу қалада жол-көлік оқиғалары санының қысқаруына айтарлықтай ықпал етті. 2017 жылдың қорытындысы бойынша төмендеу 1,7  пайызды құрады. «Сергек»  АБК іске қосылғаннан бастап 2017 жылдың аяғына дейін 242 млн теңгеден астам сомаға 35 мыңнан астам құқық бұзушылық өңделді. Үстіміздегі жылы 1580 құқық бұзушылық тіркеліп, айып сомасы 9 млн-нан астам теңгені құ­рады», деді ол.

Астана қаласы ІІД Жергілікті по­ли­ция қызметінің бастығы жол қоз­ғалысын қадағалауды жү­зе­ге асыру кезінде жол қиы­лысынан өту қа­ғидасын бұ­зу, апатты жағдай ту­дыру, қоз­ға­лыстың қарсы жолағына шығу, жылдамдық режімін арттыру, көлік құралын мас күйде бас­қару сияқты апаттарға әкеліп соқ­тыратын ЖЖЕ-ні бұзушылыққа ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

«2017 жылы 197 мыңнан ас­там жол қоз­ғалысын бұзу­шы­лық анықталды, барлық фото-бейнетіркеу жүйесі 939 млн тең­геден астам соманы құрай­тын 60 мыңға жуық құқық бұзушылықты тіркеген», деді Бақытжан Малы­баев.

Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»