• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Ақпан, 2018

Астана процесі: Сирия бойынша келіссөздер ақпан айында өтуі мүмкін

349 рет
көрсетілді

Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана процесінің келесі раундын ақпан айының 20-на таяу өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». 

«Астана процесінің кепілгер-мемлекеттерінің өкілдері беріп отырған ақпаратқа сәйкес, тараптар Астанада келіссөздердің кезекті раундын өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол шамамен ақпан айының жиырмасына қарай өтуі мүмкін. Бірақ, бұл ақпарат кепілгер-мемлекеттер тарапынан нақты растауды қажет етеді», - деп атап өтті министр бүгінгі Үкімет отырысынан тыс тілшілерге берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, Астана процесінің кезекті отырысы 2017 жылдың 21-22 желтоқсанында өткен болатын.

Кездесудің қорытындысына орай Иран, Ресей және Түркия бірлескен мәлімдеме қабылдады. Құжатта бұл жолы да Сириядағы терроризммен күрестегі жетістіктер аталып, ДАИШ-қа қарсы күрес және аталған лаңкестік ұйымдардан ел аумағын тазартудағы жетістіктер айтылған. Сонымен қатар кепілгер үш ел террористік ұйымдардың тамырына түбегейлі балта шабу және олардың өзге де елдер мен аумақтарға қоныс аударуына жол бермеудегі түбегейлі шешімдерін растап отыр.

Сонымен қатар құжатта Сирияның барлық қоғам өкілдерінің қатысуымен 2018 жылдың 29-30 қаңтары аралығында Сочиде өтетін Сириялық ұлттық диалог конгресіне дайындық және оны өткізу барысындағы тығыз өзара іс-қимыл аталып өткен. Иран, Ресей және Түркия Сирияның Үкімет және оппозиция өкілдерін белсенді ынтымақтастыққа шақырады.