• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Ақпан, 2018

Владимир Путин Ресей президенттігіне кандидат ретінде тіркелді

245 рет
көрсетілді

Ресейдің орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді РФ президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады. Ол сайлауға өзін-өзі ұсынушы ретінде қатысады, деп хабарлайды ТАСС.

«Ресей Федерациясының президенті қызметіне кандидат ретінде Владимир Владимирович Путин тіркелсін»,-деп жазылған РФ ОСК қаулысында.

Айта кетейік, Путин кандидаттыққа тіркелген үшінші адам болып отыр. Бұған дейін ЛДПР басшысы Владимир Жириновский және КПРФ партиясынан Павел Грудинин тіркелген. Олар парламенттік партиялардың атынан түскендіктен өздерін қолдау мақсатында сайлаушылардан қол жинаудан босатылды. 

Соңғы жаңалықтар