• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Ақпан, 2018

Астана емханаларында медициналық қызмет алудың сапасы артады

387 рет
көрсетілді

Астанадағы № 10 емханада «Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесінің жұмыс тобы қаладағы медицина мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жоба кеңсесінің жетекшісі Жазира Жылқышиева жоба шеңберінде мемлекеттік қызметті тиімді түрде алу үшін медицина мекемелеріндегі жағдайды жақсартуды жоспарлауда.

«Денсаулық сақтау мекемелеріне келушілердің көп екенін білеміз, сол себепті біздің бірінші міндетіміз – медициналық қызметті алуда қолайлы орта жасау. Біздің жұмыс тобы барлық емханаларға инспекция жүргізіп жатыр, онда электронды кезектің бар-жоғын тексереміз, отыратын орындықтар жеткілікті ме, кондиционер, бахилге арналған автомат, тіркеу жұмысы, колл-орталық пен басқа да мекеменің жұмыстарына жалпы талдау жүргіземіз», – деді Жазира Жылқышиева.

Инспекция нәтижесінен кейін жағдайды жақсартуға ұсыныстар беріліп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, емханалар біркелкі дизайнға ауыстырылады. Яғни жоба жетекшісі Ж.Жылқышиева астанадағы денсаулық сақтау нысандарын қайтадан бірыңғай стильге ауыстыруды ұсынуда.  

Оның айтуынша, қанатқақты жобаға екі емхана қатысады. Онда медициналық мекеменің тек дизайны ғана емес, жағдайы да ыңғайлы, сапалы әрі медициналық қызмет алу да қолжетімді бола түспек.

«Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында ауқымды қоғамдық бақылау енгізу жоспарланды. Жоба кеңсесінің жетекшісі арнайы топтың құралды әзірлеп, енгізетінін айта кетті. Осы құралдың көмегімен азаматтар құрылыс және жөндеу жұмыстарына қанша қаржы бөлінгенін бақылап отыра алады және мемлекеттік бағдарламаның да қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылай алмақ.