• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Футбол 10 Ақпан, 2018

Қазақстан футбол федерациясына жаңа басшы келді

216 рет
көрсетілді

Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс конференциясында федерация президенті лауазымына ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков сайланды, деп хабарлайды sports.kz.

Шешім бірауыздан қабылданды. Жалғыз кандидатқа федерацияның жиынға қатысқан барлық 33 делегаты бірдей дауыс берді.

Әділбек Рыскелдіұлы бір лауазымға алғаш рет сайланып отырған жоқ. Ол бұған дейін 2007 жылы отандық футболға жетекшілік етіп, қызметін 2014 жылдың соңына дейін атқарған еді.  Сол кезде Әділбек Жақсыбеков Футбол федерациясына басшылыққа келісімен алдын ала келісілген төрешілік мәселесін реттеді. Ол бірнеше арбитрді өмір бойына қызметінен шеттеді.

Соңғы жаңалықтар