10 ақпан, сенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 17 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеожағдайлар Тараз, Астана, Алматы, Ақтөбе, Балқаш (түнде), Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Шымкент, Көкшетау, Қызылорда, Орал, Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Петропавл, Ақсай, қалаларында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал ететін болады.
Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар, атап айтқанда, желсіз ауа, баяу жел, тұман, инверсия әсерін тигізеді.