• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Парламент 13 Ақпан, 2018

Дархан Мыңбай Мәжіліс депутаты болды

796 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутатын тіркеді.

2018 жылғы 13 ақпанда «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро қаулысымен тағайындалған Парламент Мәжілісінің депутатын тіркеу жөніндегі ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мыңбай Дархан Қамзабекұлын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК қаулысы қабылданды.

Д. Мыңбайға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес сайланған депутат тіркеуден өткен соң өз өкілеттігіне кіріседі.