• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Ақпан, 2018

Флорида мектебінде 17 адам оққа ұшты

331 рет
көрсетілді

 Флорида штатының Парклэнд қаласындағы жоғарғы мектептердің бірінде болған атыстан кем дегенде 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды BBC ақпараттық агенттігі.

Жергілікті полициясы бұл қанды оқиғаға бұрын осы мектепте оқып, алайда белгілі себептерге байланысты оқудан шығарылған 19 жастағы Николас Круз кінәлі деп танып отыр. Атыс кезінде мектеп оқушылары полиция қызметкерлері келгенде әр жерге тығылуға мәжбүр болған.

Бұндай мектеп оқушыларының өмірін  қиған қайғылы оқиға 2012 жылы Коннектикут штатының жергілікті мектебінде болған. Оқиға кезінде 26 адам қаза тапқан болатын.

Броуард округі полициясының басшысы Скотт Израиль журналистерге Круздың үш адамды мектеп сыртында атып, содан соң мектепке кірмес бұрын 12 адамды атып тастағанын хабарлады. Зардап шеккен 2 адам ауруханада көз жұмды. Кейінірек ол «бұл өте қиын жағдай, тіпті айтарға сөзім жоқ», - деп өзінің әлеуметтік желісінде жазды.

Броуард округі ауруханасының дәрігері Эван Бойардың айтуынша барлығы 17 адам ауруханаға жеткізілген. Оның ішінде айыпталушы Николас Круз болған. 3 адамның жағдайы өте ауыр, ал 3 адамның жағдайы өте қауіпті.

Қазір оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.