• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Ақпан, 2018

Транскаспий сауда-транзиттік дәлізінің рөлі талқыланды

435 рет
көрсетілді

Бейжіңде (ҚХР) Транскаспийлік халық­аралық көлік маршрутын (ТХКМ) дамыту бо­йынша халықаралық конференция өтті. Онда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асырудағы Шығыс-Батыс транскаспийлік сауда-транзиттік дәлізінің рөлі» тақырыбында сөз сөйледі.

Сондай-ақ конференцияда Әзербайжан, Грузия, Түркия және ҚХР өкілдері баяндама жасады.

Конференцияның мақсаты – Транскас­пий дәлізінің перспективалары мен мүмкіндік­терін талқылау. Конференция барысында ин­те­грацияланған аймақтық транзиттік-логис­тикалық инфрақұрылымның мәселелері сөз болды.

Бұл сұхбат алаңы еуразиялық континент елдерінің мүдделерін жақындатуға және достық қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ тасымал қызметін дамыту үшін өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастырудың оңтайлы жолдарын іздестіруге ықпал етеді.

 

«Егемен-ақпарат»